Ішкиімін шешкен қыздың артында тұрған біреулер бар ма?
ТикТок әлеуметтік желісінде Астанадағы Ханшатыр сауда үйінің алдында ішкиімін шешкен қызға қатысты Жарқын Мырзатай мәлімдеме жасады деп хабарлайды Democrat.kz.
«Ханшатырдың алдында ішкиімін шешіп, айналдыра жүгіріп жүрген, қазақтың намысын жерге таптап жатқан бір жас қыздың бейнеролигі шыққан еді. Соған қарсы имамдар мен мұсылман бауырлар пікірін айтып, қарсылығын білдірді. Бір қызығы, орамалмен күресіп, орамалға қарсы болып жүргендердің біреуі шығып, жаңағының дұрыс емес екенін айтпай жатыр. Соған қарағанда, жап-жас қыздың олай істеуіне не себеп болды, мұны біреу тапсырмамен істетіп отырғаны ма, біреудің қуыршағы ма деп ойлайсың», — деген уағызшы Жарқын Мырзатай орамал қазақ әйелінің байлығы екенін айтып, орамалмен күрескендерге ренішін білдірді.
Дайындаған — Хақназар САДЫРХАН.
Фото интернеттен алынды.
@alzhan_iya.kz Білгенін істеп.. Ұятын болмаса #жарқынмырзатай alzhan_iya.kz