“Ислам елінде мұсылманның орамалына тыйым салды” деген қажы әйел Меккеде болған сұмдық жайт туралы айтты

0
882

Меккеге қажылыққа барған келіншек басына Палестинаның орамалын орағаны үшін қатаң ескерту алды деп жазады Democrat.kz.

Түріктің “Haber” ақпараттық порталының хабарлауынша, Меккеге қажылыққа барған түрік әйел басына Палестина орамалын таққаны үшін қажылықтан қуыла жаздаған.

“Басыма Палестина орамалын таққаным үшін мені Меккеден қумақ болды. Басымдағы орамалды көрген полицейлер дереу қасыма жетіп келіп “басыңдағыны шешіп таста. Болмаса, елден қуылып, қайта кірместей боласың” деді. Таңғалдым!

Исламның туған жерінде кәпірлерден жапа шеккен палестиналық дін бауырларымыздың орамалын таққанда тұрған не бар? Палестинада өліп жатқандар да мұсылман ғой, біздің бауырларымыз ғой?!

Ал күллі мұсылман ғибадат ететін жерде қырылып жатқан басқа мұсылманның орамалын тағуға тыйым салынғанын қалай түсінбек керек?” дейді түрік әйел.

Фото интернеттен.

@haberlercom

Mekke’ye Filistin bandanasıyla girmek isteyen kadına polisler engel oldu. Filistin bandanasını zorla çıkarttıran polis, tekrar takması halinde vizesinin iptal edilip ülkesine geri gönderileceği hakkında sözlü uyarıda bulundu. #Filistin #Mekke #Kabe

♬ haberlercom – orijinal ses – haberlercom