«Ит құсап ұлып отырасыңдар» деді Әлжаппар Әлқожа

0
1161

ТикТокта тараған видеода әнші Әлжаппар Әлқожаның дөрекі сөздері тарады деп жазады Democrat.kz.

Тікелей эфирде болған әңгімеде әнші «отписка жасау» трендіне қатысты өз ойын білдіріп отырған. Көрерменнің бірі «әншілер ақшаға ғана баратын иттер» деп жазба қалдырды.

Осыған байланысты жауап берген Әлжаппар Әлқожа: «Өзің де ақша үшін жұмысқа барасың ғой. Жұмыс істемесең, мал боласың. Сол сияқты әркім өзінің кәсібі үшін ақша алады. Барлық адам ақша үшін, ұл-қызын бағу үшін жүр. Біздікі көрініп қалады да. Сол сендердің жындарыңа тиеді. «Осынша ақша алады екен» деп ит құсап ұлып отырасыңдар», — деді.

Фото интернеттен алынды.