Қабатовтың әйелі Баян Мақсатқызының жобасын жүргізбек

Мөлдір Мұқан бұл туралы мақтанып, әлеуметтік желісінде жазба қалдырды.
Әр түрлі тағдырлар тоғысқан осы керемет жобада мен жүргізуші боламын деген ой тіпті түсіме де кірмеген шығар. @bayanmaxatkyzy ұсыныс түскенде таңданыстан бұрын, қорқыныш жауапкершілік басым болды. Қазақстанның шоу-бизнесінде өзіндік ерекше орыны бар, бөлек көзқарасы бар, заманауи уақытпен мен ұлттық мүддені керемет жеткізе алып жүрген продюсер маған осындай ұсыныс жасағаны санамды шайқап жіберді рас😁 Ааал енді маған сенім артқан майталмандардың ойынан шықтым ба, халыққа жеткізе алдым ба? оны әлеуметтік желіде талқылап та, қолдап та жатқан өздеріңіз. Ал мен тырыстым. Бойымда күш-қуатым, ерік-жігерім барда мен өсе беруге дайынмын. Иә, кешегі сахнадағы әдеміліктің артында менің ішкі қорқынышым, толқуым, сезімдерімнің лап еткені сонша, көзім көрмей, сөздер де аузыма түспей қалған сәттер де болды. Ауқымды жобаны ұйымдастырған @bayanmaxatkyzy алғысымды білдіремін. Қоғамға береріңіз көп әлі, идеялар сарқылмасын, оны жүзеге асырып, қаншама жанның тағдырына оң әсер етті, – деп жазды ол .