Қабылбек имамның қазаққа салған келесі тыйымы

0
384

Имам-уағызшылардың көсіліп «ақыл айтатын» мекені — ТикТокта Қабылбек уағызшының келесі «тыйымы» талқыға түсіп жатыр деп жазады Democrat.kz.

«Қазақтың 70 пайыз сөзі арабтыкі» деп, артынша «олай демедім, діни сөздері 70 пайыз дедім» деп «тәпішкесінен секіріп кеткен» уағызшы Қабылбектің енді қазақтарға қалай амандасуды үйреткен уағызы тарады.

«Ассаламу уағалейкүм — мұсылманның сәлемдесу әдебі. «Сәлеметсіз бе» дегенді қою керек, бауырлар. «Сәлеметсіз бе» деп сызылмауымыз керек. Ассаламу уағалаейкум — уағалейкум салам, уа рахматулла деуіміз керек»,- депті кезекті уағызында Қабылбек.

Уағызшының айтқанына сенсек, қазақтың «сәлеметсіз бе», «сәлем» деген амандасу үлгісі әдепке сай келмейтін көрінеді.

Бұған қатысты жұрттың пікірі екіге жарылды. Біреулер «имам өзі арабқұл бола берсін, мен қазақша амандасам», «осылар-ақ қанды ішті ғой», «амансыз ба, қалайсыз деп амандасады қазақ» десе, енді біреулер «имам дұрыс айтады», «мұсылманбыз, солай амандасу керек», «ассалаумалайкум деген дұрыс» деп жазуда.

Фото интернеттен алынды. 

@allaga_amanat_362

♬ оригинальный звук — Maks_Maks