“Қайрат 40-қа толғанша қылмыңдауын қоймады” дейді әйелі

0
161

Қайрат Әділгерей мен Бақыт Тұрманның отау құрғанына биыл 18 жыл толған. Актердің жұбайы «ХабарLike» бағдарламасында күйеуінің 40 жасқа толғалы өзгергенін айтты, деп жазады Democrat.kz ақпараттық порталы KAZ.NUR.KZ.-ке сілтеме жасап.

«Қайрат 40 жасын тойлағысы келмеді. Ырымға сенеді. «40 жасты тойламайды» дегенді естіп алған. Тойлай бер, ештеңе қылмайды деп айттым. Кішігірім, достарымыздың арасында тойладық. Қайрат 40-қа дейін қылмыңдады.

Керісінше, 40 жас жақындағанда, уайымдап, қорқып, күйзеліске ұшырады. Жалпы, қазір күйзелісте», — деді Бақыт Тұрман. Еске сала кетейік, биыл ақпанда Қайрат Әділгерей 40 жасқа толған болатын. Бақыт Тұрман күйеуін туған күнімен ерекше құттықтады.

Айта кетейік, Қайрат Әділгерей былтыр сәуір айында төрт бөлмелі пәтер алғанын айтқан болатын. Өнер иесі көпшілікке құрылысы аяқталған үйін көрсетті. Жұлдызды жұп бүгінде үш қыз бен бір ұл тәрбиелеп отыр.

Фото ашық дереккөзден алынды.