Қайрат Нұртастың әйеліне парламенттен кім хабарласқан?

0
99

Әнші Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзіне лауазымды мемлекеттік қызметкердің атын жамылып, ісі бойынша көмектесуге уәде берген алаяқ туралы жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Актриса Instagram парақшасында болған оқиғаны егжей-тегжейлі айтып шықты.

«Сенбі, жексенбі маған «парламенттен» деп хабарласты. Әрине, алаяқ екенін бірден түсіндім. Айтуынша, сот мәселесі бойынша ісімді шешіп бере қалмақшы. Алаяқ болғанда да су жұқпас, әккі екен. Лауазымды адамның атын жамылып, қорықпай банк шотын беріп, дәл қазір қомақты соманы аудара қалыңыз, «Шеф» өзі айналысып жатыр деді.

Мемлекеттік қызметтегі лауазымды кісі болса, қалайша менен ақша сұрап жатыр? Оның командасы менімен кездеспей, мәселені біліспей, қалай қорықпайды деген сұрақ болды. Ақпарат іздей бастадым», — деп жазады Жұлдыз Әбдікәрімова.

Ол алаяқтардың мұндай әрекетіне қатысты мынандай шешім қабылдағанын мәлім етті.

«Түйсік алдамады, әрине, алаяқ болып шықты. Осындай қоңыраулардың көбеюіне байланысты мынадай шешім қабылдадым. Алдағы уақытта БАҚ өкілдерін жинап, баспасөз-конференция беремін. Сот барысы бойынша барлық ақпаратпен бөлісіп, осы алаяқтық туралы айтамын.

Лауазымды кісінің атын жамылып, маған хабарласқан адамның аты-жөні, нөмірлері және кімнің атына кір келтіріп жатқандығы туралы да ашық айтамын. Менде екі ой қалыптасты: 1. Бұл сол компания тарапынан келген алаяқ; 2. Немесе менің қазіргі ісім бойынша пайдаланып қалғысы келген алаяқ.

Қалай болғанда да мен бұл істі жай қалдырмаймын. Барлық жазбаны дәлел ретінде сақтап қойдым. Анықтаймын», — деп жазды актриса.

Фото интернеттен алынды.