Қайрат Нұртастың ұл-қызы демалыста не істейді?

0
194

Тура 1 айдан кейін балалар демалысқа шығады. Біздің үйде жылдағы дәстүр бойынша жазды жоспарлау процессі басталды” деп жазады Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз. 

Өзінің Инстаграм парақшасында Жұлдыз Әбдікәрімова ұл-қызының жазғы демалыста не істеп, не қоятынын тәптіштей жазып, басқа да жоспарларымен бөлісті.

Сезім 10-сыныпты бітіріп жатыр. ҰБТ, SAT, IELTS, тест сұрақтарына бас көтермей дайындалып жүр. Химия және биология бағытын таңдап отыр. Жазда Кореяға осы бағытта 3 аптаға дайындыққа барады. Сондықтан бізге көп уақыт бөле алмайды.

Алау 7 жасынан ALL STYLE бағытында билейді. Өзіне қатты ұнайды. Биыл екінші рет АҚШ-қа Қазақстан атынан жарысқа барады.

Нарұл осы жылы хоккейді ат спортына ауыстырды. Сол сәттен бастап қолы қалт етсе атқа мініп алады. Жазда республикалық жарыстарға қатысамын деп алып-ұшып жүр.

Менің құзырымда қалғаны ХАН ғана болып тұр, екеуміздің әзірге жоспарымыз біраз кітаптар оқысақ дейміз. Мектеп жасындағы балаларға мен ұсынатын 5 шығарма:
1. Бердібек Соқпақбаев — «Менің атым — Қожа».
2. Мұхтар Мағауин — «Тазының өлімі».
3. Сайын Мұратбеков — «Жабайы алма».
4. Антуан де Сент-Экзюпери — «Маленький принц».
5. Александр Грибоедов — «Горе от ума».
Менің тізімімді жалғастыра отырыңыз. Сіз қандай шығарманы оқуға кеңес бересіз?” деп жазады Жұлдыз.

Фото ашық дереккөзден алынды.