Қайрат тізімнен шығарылды

0
350

Ақсуда Металлургтер күні мен қала күніне арналған концертте ән айту керек жұлдыздардың тізімі қысқарды.

Қайрат Нұртас тұтқындалуына байланысты тізімнен алынып тасталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews-ке сілтеме жасап.

Қайрат Нұртастың концертте болмайтыны туралы ақпаратты ұйымдастырушылар растады.

Айта кетейік, металлургтер күні мен Ақсу қаласы күнін мерекелеу 19 шілдеге жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Нұртас ұшақ бортында танысымен жұдырықтасу салдарынан 15 күнге қамауға алынды.

Фото интернеттен алынды.