«Қайратпен екі жаққа ыдырадық» дейді серіктесі

0
255

Отандық танымал актер Олжас Абай қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртаспен достығы туралы бар шындықты айтты.

Ол бүгінде хитменмен бұрынғыдай жақын араласпай кетуіне не себеп болғанын түсіндірді, деп жазады Democrat.kz. Ақпараттық порталы KAZ.NUR.KZ.-ке сілтеме жасап.  

Олжас Абай әншілікпен айналысқанда тәртібі бұзылатынын алға тартты. Сол себепті актер Қайрат Нұртаспен шығармашылық дуэттен уақытша үзіліс алғанын жеткізді. «Қайрат әлі де досым. Қайратпен таныспай тұрып та, өнерін қатты бағалайтынмын. Кейіннен бірге жүрдік, дос болдық.

«Тау адам» әнін жарыққа шығардық. Тағы біраз туындыларымыз болған. Мен өзім кино саласынан болғаннан кейін бір-бірімізден үзіліс жасадық. Эстрада жанры мені көптеген құбылысқа алып келді. Ән айту, тез ақша келу, кету деген сияқты жайттар болды.

Ал кинода тәртіп керек. Сол себепті екеуміз сәл екі жаққа ыдырадық. Маған кино саласы көбірек ұнайды. Бірақ әншілік те маған жақын. Әншілік түнде ұйықтатпайды. Тойларға шығасың, тәртіп бұзылады», — деді Олжас Абай «DS` Show» бағдарламасында.

Фото ашық дереккөзден алынды.