Қандай салаларды ҚҚС төлеуден босату ұсынылып отыр

Елімізде ақылы медициналық қызметтерге 10%-дық мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы (ҚҚС) салынады. Бұл туралы Мәжілісте жаңа Салық кодексінің жобасын таныстырған Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті.
Ол әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітап шығару, археология – ҚҚС төлеуден босатылатынын атап өтті. Денсаулық сақтау саласында ҚҚС төлеуден босатылатын әлеуметтік дәрі-дәрмектердің тізбесін Үкімет анықтайды.
- «Қосылған құн салығы тек ақылы медициналық қызметтерге салынады, ол 10%-ды құрайды. Әлеуметтік саладағы корпоративтік табыс салығы 2026 жылдан бастап 5%-ды, ал 2027 жылдан бастап 10%-ды құрайды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бойынша бәрі бұрынғыдай, 70% жеңілдіктер қалады», — деп атап өтті Серік Жұманғарин