«Қант диабетінен құлан-таза айығуға болады» дейді кәсіпкер

0
280

Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила қант диабетіне шалдыққан адамдарды емдеп жатқанын айтты,деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қанты 35-ке көтеріліп, комаға түсіп шыққан адамды аяғынан қойып жатырмын. Мұндай алғыс пікірлер мыңнан асып кетті. Әлемде қант диабеті емделмейтін дерт дейді, өмір бойы дәріге тәуелді боласың. Біз оны бос сөз деп айтамыз. Себебі, алдымызда ол аурудан айыққан кейіпкер Самат отыр», — дейді кәсіпкер.

Қант диабетінен айыққан Саматтың айтуынша, ол тыныс алуды меңгеріп, медитация жасаған.

«Ақпан айында жаттыға бастадым. Мұздай суға түстім. Сауығып кетуіме себепші бірінші Құдай, екіншісі — сіз. Қазір бір дәрі ішпеймін. Мұздай суға түсе бастағаным сол еді, дәріні қойдым. Ауырған кезде 20 келі салмақ тастадым», — дейді ол.

Ахметбек Нұрсила Саматтың мысалы ретінде өзге адамдарды да ауырынан емдейтінін жеткізді. Ол дертінен айыққан таңғажайып оқиға табиғаттың құдыретінің арқасы екенін айтады.

Фото интернеттен алынды.