Қаптаған мешіттерден құтылудың бір жолы бар

0
627

Рамазан айының ішінде бас пітір садақа беру деген бар. Басқа өңірлерді білмеймін, бірақ біздің жақта осы пітір садақаны мешіттерге беру біртіндеп саябырси бастады.

Бұрындары оны мешітте отырған имам арнайы дәптеріне жазып алып отыратын — кімнің атынан, қандай сома, неше отбасы мүшесіне деген сияқты.

Былтырдан бастап солай жазып алуды мешіттерде тоқтатты, шамасы имамдардың өздері де жалығып кеткен сияқты формальды жұмыстан. Ойлап қарап отырсақ расында да бұл бос жұмыс екен — ол дәптерлерді артынан кім тексеріп көріп жатыр? Және қажет пе? Сосын соншама қағазды қайда сақтайды? Кімге керек ол? Енді тек мешітке кіреберістегі жәшікке саласың да кетесің. Қанша? Оны бір құдай ғана біледі.

Міне, имамдардың еріншектігі екінші құбылысты тудырды, енді жұт жаппай асыраушысы жоқ, мүжәлсіз, жетім-жесір, жалғызілікті кемпір-шалдар, басқа да осындай категориядағы адамдарға өз беттерімен бере бастады. Бір жақсысы каспиголд бар, бір танысыңның атына жинайсың да, сосын сол адам әлгіндей отбасына апарып береді. Ол батасын береді. Сауап па? Сауап.

Міне, енді бұл дұрыс болды. Әйтпесе өтірік малжаңдаған молдаларға деген сенім азайды, сол мешіттер жиналған ақшаны қайда жіберіп жатқанын да білмейсің, ешкім саған есеп бермейді. Қазір енді расымен де жағдайсыз адамдарға беріп жатқанын анық білесің, себебі өзің сенетін, алдап кетпейтін адамға тапсырасың ғой ақшаңды.

Қаптап кеткен мешіттерді азайтқың келсе оны тек экономикалық әдістермен ғана жеңуге болады. Ақша бермесең өз-өзінен азаяды ))). Одан да сауап істерге жұмсайық та ақшаны. Айналамызда жағдайсыз отбасылар көп қой — Қаңтар құрбандарынан бастап. Одан да соларға берейік. Немесе ағайын, жақын туыстарың да бар, олардың есебін жүргізіп отырғандар бар.

Үнемі саясатты айтқанша бұл да керек нәрсе. Біздер айтпағанда кім айтады? Жастар ұялса біз-ақ айтайық. Шындығы осы. Нағыз өмір қайнаған. Әйтпесе мына сәләп иттер елді әбден шатастыруға айналды. Жарайды, қажылық туралы тағы бірде айтармыз. Айдаладағы арабты байытқанша ең болмағанда Түркістанға барсаңшы.

Қуаныш ЕДІЛХАННЫҢ

 Facebook парақшасынан алынды.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.