Кәсіподаққа берілетін мұғалімнің ақшасы қайда кетіп жатыр?

Танымал ұстаз, “Зияткер Ұстаз” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Өмір Шыныбекұлы Республикалық Білім кәсіподағының төрайымына ашық хат жолдады деп жазады Democrat.kz.
Өзінің әлеуметтік желі парақшасында жариялаған ашық хатта білікті ұстаз Өмір Шыныбекұлы :
“Республикалық Білім кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева ханымға ашық хат!
Құрметті төрайым!
Президентіміз ашықтықты талап етіп отырғанда бірнеше рет сізге әлеуметтік желі арқылы сауал қойып жауап ала алмадым.
Сізден жауап болмаған соң сізге қояр сұрақтарымның саны да өсіп жатыр..
- Бірнеше ай бұрын Түркістан облысы бойынша білім кәсіподақтарының бірінің жетекшісі Жандос Шайдулла деген азамат осы облыстың белсенді педагогы Гулманат Байзакова әріптесімізді сотқа берді деген ақпарат тарады.
Педагогтардың құқығын қорғау үшін құрылған ұйымның педагогты сотқа бергені рас па?
Рас болса, не үшін берді?
- Мемлекеттік құпия емес шығар, сіз басқаратын кәсіподақта неше мүше бар және олардан ай сайын қанша теңге жарна жиналады?
- Жиналған қаржының республикаға жеткен бөлігі қалай жұмсалады?” деген сауал жолдады.
Әзірге Республикалық Білім кәсіподағы тарапынан берілген жауап бола қоймады.
Фото көрнекілік үшін интернеттен.