Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Словакия Премьер-министрі Роберт Фицо ресми сапармен келеді

0
88

10–11 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Словакия Республикасының Премьер-министрі Роберт Фицо Қазақстанға ресми сапармен келеді. Сапар аясында Астана қаласында жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізу жоспарланып отыр.

Екіжақты кездесуде Қазақстан Президенті мен Словакия Үкіметінің басшысы сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік және көлік-логистикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін жан-жақты талқылайды. Сондай-ақ білім беру, ғылым, цифрлық даму және жасыл экономика салаларындағы ықпалдастықтың жаңа бағыттары қарастырылады деп күтілуде.

Бұл сапар Қазақстан мен Словакия арасындағы дипломатиялық қатынастардың дамуына тың серпін беріп, екі ел арасындағы өзара сенім мен тиімді серіктестікті нығайта түсуге бағытталады.