Қазақ әйелдері жатырын қытайға жалға беруде

0
460

«Сұмдық! Қазақ әйелдері жатырын қытайға жалға бере бастапты!» деп жазады Democrat.kz. журналист Тоқтар Жақаштың Facebook парақшасына сілтеме жасап. 

«Әзірге білетініміз бір-екі оқиға. Көктемде арғы беттен оралған бір қазақ телефон соғып, осы оқиғаның шет жағасын шығарған. Одан соң кездесетін болып келістік.

Бірақ шұғыл шаруалармен жолығудың сәті түспеді. Сол жігіт бүгін тағы телефон соқты. Жалға жатыр іздеп келген қытайлармен жолығыпты. Бұл мәселе бойынша жан-жақты зерттеу жасалуы тиіс.

Бұрын қытайлар Ресейлік әйелдердің жатырын жалға алып, ерлі-зайыпты қытайдың эмбрионын салып өсірген екен. Соңғы жылдары о жақта суррогаттық ана туралы заңға өзгеріс енгізіп, қытайдың жолын кесіп тастапты.

Содан, қытайлар қазақ әйелдеріне көз сала бастаған. Былтыр бірінші рет қазақ әйеліне бала тудырып әкетіпті. Ресейде суррогат аналар қызметіне кем дегенде 100 мың доллар алса, қазақ әйелдерінің ондай “жатырын жалдау ақысы” заңмен 7 миллион теңге деп шектелген.

Заң бойынша, жатырын жалға беретін әйел бұрын 1-2 бала тапқан, ажырасқан немесе заңды күйеуі бар болуы тиіс. Маған хабарласқан жігіт былтыр қытайға бала туып берген әйелмен кездесіпті.

Әп-әдемі күйеуі (ол да қазақ) мен үш-төрт жасар ұлы бар әдемі келіншек екен. Енді ол келіншек өз атынан компания құрып, қазақ әйелдерінің жатырын қытайға жалға беруге кіріспек көрінеді. Күйеуі бар әйел өз еркімен сөйтті дей алмаймыз. Барлығы жетіспеушіліктің, жоқтықтан ғой.

Қазір қытайда әйел жетпейтін 100 миллион еркек бар. Сол еркектер әйел ұрығын да сатып алып, балалы болғысы келеді. Мына Қазақстандағы қытайлар ұрық сататын әйел де іздеуге кіріскен. Оған 2 млн теңге төлемек.

Қысқасы, қытайлар жатырын жалға беретін әйел іздеп, Қырғызстан мен Өзбекстанды да шарлап шығыпты. Әзірге, тиімді әрі оңайы Қазақстан боп тұр дейді.

Депутаттарымыз қазірден бастап ұлттық генофондқа үлкен қауіп төндіріп тұрған осы мәселеге шұқшия көңіл аударуы тиіс! Қазақ әйелі  асыл тәнін, жатырын қытайдың ұрығымен былғамаса дейміз.

Ол үшін халықтың әлеуметтік жағдайын да көтеруге тырысуы керек!» деп жазады журналист.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.