«Қазақ елін +1 батыр, +1 ару» деп қуанышын жар салуға болмайды» дейді

0
349

ТикТок әлеуметтік желісінде пайда болған келесі бір ақылшы, уағызшы көпшіліктің перзентханадан сәбиін алып шығу әдетін сынады деп жазады Democrat.kz.

«Перзентханадан сәбиін алып шығарда «Қазақ елін +1 батыр», «Қазақ еліне +1 ару» деп көлігіне жаздырып, дүркіретіп жатады. Ең маңыздысы, аллаға мадақ айту. Аллаға шүкір айту керек. Ондай қуанышыңды үйіңде тойла. Көшеде дүркіретіп тойлаудың керегі жоқ» деген уағызшы көшеде дүркіреткен мұндай қуаныштың басқаларға ауыр болуы мүмкін екенін алға тартады.

Уағызшының пікірінше, мұндай қуаныштар тек отбасыда тойлануы керек.

Оқырман қауым бұл мәселеге байланысты «дұрыс, біреу балалы бола алмай жүрсе, мынадай дүркіреген қуаныш оған ауыр тиюі мүмкін», «енді қуанышын бөлісуге де болмай ма?», «сендерге салса, қара жамылып, түнеріп, сұңқиып түнектің ішінде отыру керек жұрттың бәрі», «сендер де ішкен-жегендерің мен мінген көліктеріңді салмаңдар» деген сыңайда пікір жазуда.

Жалпы, перзентханадан сәбиді дүркіретіп, тойлап алып шығу дұрыс па, қалай ойлайсыз?

Дайындаған — Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.

Фото көрнекілік үшін.

@dastan.khamzaev

♬ оригинальный звук — Dastan