“Қазақ мұны естуі керек” дейді Айнұр Тұрсынбаева (ВИДЕО)

0
1658

Кезекті бір сұхбатында Айнұр Тұрсынбаева басынан өткен талай дүниелер туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.

“Көк тиынсыз жүрген ауыр күндерім еді. Қазақстанда “жабық парақша” дегенді ең бірінші мен аштым. Инстаграмда эфирде оқырмандарыммен әңгімелесіп, байқасам, мені тыңдайтындар өте көп екен. Оқығандарым бар.

Мұны қазақ естуі керек дедім. Содан өзімдегі ақпараттарды сатам деп шешім қабылдадым. Жабық парақша ашып, 7000 теңге төлегендер ғана кіретін еттім.

Эфирімде 12-13 мың адам отырғанда, айтарымды айтып-айтып келдім де, “әңгіменің ақырын тыңдағың келсе, мына парақшаға ақша төлеп кіресің” дедім.

Қарызға кіріп кеткен кездерім еді”, – деген Айнұр Тұрсынбаева ақпараттарын сатқанда алғаш рет бір түнде 35 миллион теңге тапқанын айтты.

Фото интернеттен.