Қазақ пен қырғыз – бауыр ма, жоқ әлде бәсекелес пе?

0
499

Ертеде Балтық елдерінен көлік тасып жүргенде қырғыздың төрт жігітімен Мерседес көлігіне таласып қалып, олар: “Қазақ деген ұлт болмаған, тарихта тек қырғыз болған” деп салды. Бұл сөз намысыма тиді, төбелеске дейін бардық. Содан бері бұл тақырып мені әлі де мазалап келеді.

Келе-келе байқасам, бұл – жай төрт адамның пікірі емес екен. Әлеуметтік желілерде де осы сарындағы пікірлер көбейіп кеткен. Бүгінгі күні көптеген қырғыз жастары мен орта жастағылары қазақты өзіне жау санайтын секілді.

Ал ұрыс-керістің басы бір жылдары өткен көкпардан басталған. Қырғыз көкпаршылары қазақтарды сынап, шетке тартты, ал оған жауап ретінде қазақтар да үнсіз қалмады. Содан бері TikTok, Facebook, YouTube – бәрі қазақ пен қырғыздың бір-бірін мазақтап, кемсітіп, кекетіп жатқан соғыс майданына айналды.

Қазақ бір видео салса, астына міндетті түрде бір қырғыз келіп соқтығып,аузына келгенін жазады. Сосын соғыс басталады. Әр сөз – намысқа тиетін, ашуға тиетін сөз.

Қырғыз жастары қазақты:

“Маңқа қазақ, қазақтың жері де, қазақ деген ұлт та болмаған,

Кенесарының басын алғанымыз дұрыс болған екен”-деп, ханымыздың басына дейін сатқындықпен алғанын мақтан тұтып, кекетуден бастайды әңгімені.

Ал қазақтар болса:

“Сендер Енисей асып келгенсіңдер”

” Қазаққа, өзбекке, башқұртқа,қарақалпаққа сендер генетикалық тұрғыдан жатсыңдар”,

“Сендер босқынсыңдар ( чукчасыңдар, сахасыңдар), бұл жер сендердікі емес”,

” Сатқын халықсыңдар”–

деп жауап беріп, екі жақ та ырду-дырду тартыс басталады.

Тіпті кейбір қырғыздардың өздері тарихи шындықты мойындап отырса да, көпшілігі оны мойындағысы келмейді. Намысқа басып, эмоциямен сөйлейді.

Бауырды жауға, көршіні дұшпанға айналдырып алудан қорқу, екі елдің азаматтарының санасына кіріп шықпайды.

Біз бәсекелес елміз, бірақ жау болмайық.

Тарихшылар бұл тақырыпта талай дүние айтып жүр.

Қырғыздардың Енисейден ауып келгені – тарихи шындық. Ежелгі қырғыздар Енисей өзенінің бойында, қазіргі Краснояр өлкесінде, Хакасия жерінде өмір сүрген. Бұл туралы көне түркі жазбаларында, әсіресе Орхон жазбаларында (“Күлтегін”, “Білге қаған”) айтылады.

VIII ғасырда Ұйғыр қағанатының күшеюіне байланысты Енисей қырғыздары оңтүстікке, Тянь-Шань тауларына қарай ығысып, қазіргі Қырғызстан аумағына орныға бастаған. Бұл көші-қон шамамен IX-X ғасырларда аяқталған.

IX-X ғасырларда Енисей қырғыздары Ұйғыр қағанаты мен басқа көшпелі мемлекеттердің қысымымен оңтүстікке қарай жылжи бастайды. Бұл – мәжбүрлі көші-қон еді.

Олар Тянь-Шань, Ферғана, Ыстықкөл өңірлеріне көшіп келіп, сонда тұрақтап қалды. Бұл жерлерде түркі тілді басқа да тайпалар өмір сүріп жатқан болатын, олармен араласып, біртіндеп қазіргі қырғыз этносы қалыптасты.

Генетикалық жағынан қырғыздар мен қазақтардың айырмашылығы – ғылымда зерттелген тақырып. Жалпы, екеуі де түркі тектес халықтар болғанымен, этногенездері әртүрлі.

Негізгі айырмашылықтар:

  1. Қырғыздардың генетикасы – Алтайлық, Саяндық, және Енисей бойындағы ежелгі түркі және кет-угро-самоди халықтарынан тарайтын элементтер басым. Олар моңғол типіне біршама жақын.
  2. Қазақтар – Дала түріктері, яғни түркіленген сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, оғыз, қыпшақ, найман, керей, т.б. тайпалардан құралған. Генетикалық жағынан қазақтар иран тілді сақтар мен түркілердің араласуынан шыққан деген тұжырым бар. Қазақтарда еуропеоидтық белгілер жиі кездеседі.

Қорытынды:

Қазақтар мен қырғыздар мәдени, тілдік, діндік жағынан өте жақын, бауырлас халықтар. Бірақ генетикалық және антропологиялық жағынан біршама айырмашылықтары бар. Бұл айырмашылықтар олардың тарихи миграциялары мен этногенездеріне байланысты.

Байкал САИМОВ, қоғам белсендісі.

Фото көрнекілік үшін.