Қазақ тілі техниканың тілі болуы керек (ВИДЕО)
Елімізде утильалымға байланысты айтылып жатқан пікірлер әралуан. Осы мәселеге байланысты өткен жиында Allur компаниясының білім және ғылымды дамыту бойынша кеңесшісі Айгүл Ахметова келелі ойларымен бөлісті.
«Корея, Өзбекстан деп жатамыз. Жақында мен сол Оңтүстік Кореяға барып келдім. Ол жақта соңғы 30 жылда локализация болса, олар сол уақытта білім саласын толық дамытқан. Біздегі білім саласы өндіріс саласынан мүлдем алыс. Қазақ тілі техникалық тіл болғанда инженерлік тіл болады» дейді Айгүл Ахметова.