“Қазақша оқитын баланың ғылыми сауаты төмен” дейді сарапшы

0
1616

Педагог, білім беру саласының сарапшысы әрі Quantum мектептер желісінің бас директоры Алмас Ордабаев қазақ пен орыс сыныптарының айырмашылығы туралы айтты.

Бұл туралы ол Dope soz подкастына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Қазақ пен орыс сыныптарының айырмашылығы бар. Ол менің сөзім емес, ол тіпті зерттелеген нәрсе. Дүние жүзінде PIZA деген ұйым бар.

Функционалды сауаттылық бойынша, оқу сауаттылығы, математика, ғылыми сауаттылығы бойынша қазақша оқитын балалардың деңгейі төмен. Енді ол ашық факт. Екінші факт қаладағы балалардың деңгейі ауылдағы балалардан 2 жыл немесе 3 жыл ілгері. Ол да факт. Диагнозды қойдық, бірақ себеп-салдарын зерттеуіміз керек. Не үшін олай? Себептердің бірі ол — оқулықтар. Сабақты оқыған кездегі тіл, терминдер», — деді педагог.

Сондай-ақ, ол қазақ мектепте оқитын оқушылардың, қазақ тіліне қарағанда, орыс тілінде жақсы жазатындарын айтты.

«Бұл өзіміздің зерттегеніміз. Олар қазақ тіліне қарағанда, орысша жақсырақ жазады. Бұл менің ойымша, біріншіден қазақ тілдегі контенттің аз болғаны қазақ тілі қиындау болып келеді. Орысша материалдар көбірек», — деді Алмас Ордабаев.