«Қазақша сөйлемеймін» деп жұртқа түкірген жігіт қазақша сайрап кетті
Әлеуметтік желідегі Kredo_Myrza арнасында қазақстандықтарға сес көрсетіп, «бәріңе түкірдім» деп бақырған Аслан Төлегеновті полиция ұстап әкетті деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы.
«Осы видео роликті көріп отырсаң, тыңда! Барлығыңа түкірдім! Не істесеңдер оны істеңдер. Арттарыңда тұрған қорғаушыларыңа да айтыңдар, өлтірсеңдер де орысша сөйлеймін. Қазақша білсем де, сөйлемемймін!» деп айғайлаған Аслан көп ұзамай құқық қорғаушылардың құрығына түсті.
Қызыл жағалылардың кеңсесінде жүні жығылып қалған Асекең «қазақша білемін, қазақша сөйлей аламын» деп міңгірлеп бастаған. Түсініктемені де қазақша беріп, қазақ тілінде сайраған.
Фото видеодан скринделіп алынды.