Қазақша сырға таққан орыс жігіт жұртты күлдірді
ТикТок әлеуметтік желісінде құлағына қазақша оюы бар, ұзын сырға таққан жігіттің видеосы тарады деп жазады Democrat.kz.ақпараттық порталы.
Видеоны таратқан Nargiz атты қолданушы бұл бейнежазбасына жүз мыңдап лайк басылып, пікір жазылады деп күтпеген шығар, сірә? Қазақша, оюлы, ұзын сырға таққан орыс жігіт қоғамдық көлікте айналасынан хабарсыз кетіп барады. Тықырлай шашы алынған бастағы құлақта «сыңғырлай тербетілген» қазақтың сырғасы жарасып-ақ тұр.
Бәрінен де осы видеоға жазылған пікірлер жұртты күлкіге қарық қылды деуге болады. «Басына сәукеле кигізсе, ұзатылып кетейін деп тұр», «қазақты тек орыстар қолдайды», «сырғамның біреуін жоғалтып алып ем, осы бала екен ғой тағып алған», «шеш деп те айта алмайсың», «осы сырғаны мен тақсам, жараспас ед» деген пікірлер тоқтамай жазылуда.
Видео мен қызықты пікірлерді төмендегі сілтемеге өтіп оқып, көре аласыздар.
Фото интернеттен алынды.
@_blgnva_