«Жаңа адамдар» акциясына 7,5 мың қолдаушылар мен белсенділер қатысты

0
87

13 шілдеде Астанада «EXPO»  алаңында Жаңа адамдар жастар қозғалысының ұйымдастыруымен «Қазақстан – бар ғұмырым!» Бірінші жастар Конвенті басталды. Шараға қатысуға 15 мыңнан астам адам өтініш білдірді деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы.

Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша үміткерлердің жартысы ғана Конвентке билет алды. Нәтижесінде бүгін елордада еліміздің 20 өңірінен келген 7 мыңнан астам қатысушы бір-бірімен танысып, Қазақстандағы ең үздік азаматтық науқандарды таңдау үшін жиналды, Конвенттің басты ерекшелігі жаппай таныстықтар болмақ.

Берік көлденең байланыстар жасау үшін қатысушыларға достар «майнингіне» арналған бірегей мобильді қосымша және Конвенттің арнайы ішкі валютасы — DOS_coin ұсынылды, оны шараның  15 алаңынан алуға болады.

Алынған монеталарды конвент тауарларына, сарапшылардың жеке шеберлік сабақтарына, танымал қазақстандық брендтердің киімдеріне және басқа да бағалы сыйлықтарға айырбастауға болады.

Күні бойы Конвент алаңында «ЗНАКОМАТ» челлендждері өтеді. Қатысушылар негізгі экран тікелей эфирін бақылап, өздерін көрсе, жаңа доспен кездесу үшін шұғыл түрде көрсетілген аймаққа жүгіруі керек.

Конвенттің басты шарасы «Акционисттер жарысы» болмақ. Жаңа Адамдардың 12 бірегей азаматтық науқаны қатысушылардың дауысы мен бас жүлде – өңірлерде жобаларын дамытуға арналған мақсатты грант үшін жарысатын болады.

Жарысқа қатысушылардың арасында заңсыз қоқыс алаңдарымен, бұзақылықпен, дүкендерде мерзімі өткен тауардарды сатумен, әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылықпен, құмар ойындарға тәуелділікпен, кәмелетке толмағандарға ішімдік сатумен және т.б. күресетін азаматтық науқандар бар.

Конвент аумағында күні бойы бірегей мазмұнды және танымал спикерлердің қатысуымен дәрістер жұмыс жасайтын болады. Әркім өзіне жақын дүниені таба алады: білім аймағы, ТикТок аймағы, үздіктер, тамақтану, би, streetart, музыка, гик мәдениеті және стиль аймақтары.

Спорт сүйер қауымға футбол, күрес, streetball, skateboarding/bmx және workout аймақтары қызық болуы мүмкін. Конвент соңында Ninety One, Dequine, Aikyn, BONAPART және арнайы құпия қонақ өнер көрсететін гала-концерт болады!

«Тұтас халық болып бірге болуды үйрену – өнер. Ал бұл факультет әзірге ешбір университетте жоқ. Бүгін біз бірінші кішкентай тапсырманы орындағымыз келеді — бәрін бір-бірімен таныстыру, осылайша сендердің қарым-қатынастарың және достықтарың басталып, жылдар бойы араларыңды бөлетін кез келген қашықтыққа қарамастан сөйлесуге мүмкіндік береді.

Ал біздің бүкіл Қазақстанмен кездесулеріміз жыл сайынғы дәстүр болып, жаңа мерекеге айналғанын қалаймыз», – деді Жаңа Адамдар көшбасшысы Асель Баденова.