Қазақстан мұсылмандарына үндеу

0
135

Дін зерттеуші Тұрарбек Құсайын қазақстандық мұсылмандарға үндеу жариялады, деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы.

“Ертең барлық мешіттерде діни мейрам боп табылатын айт намазы оқылады. Біріншіден Құранда жамағат боп жиналып,айт намазын оқу туралы нұсқау мүлдем жоқ.

Сол үшін елімізде орын алған су тасқынына байланысты шариғатта діни мереке саналатын айт намазын оқудан бас тартсаңыздар” деп жазады Тұрарбек Құсайын әлеуметтік желідегі парақшасында.

“Ал екіншіден айт намазы делінетін діни мереке халқымыздың басына түскен зауал һәм ұлттық трагедиядан абзалырақ деп есептесеңіздер, онда  30-жыл бойы күнделікті әр бес уақыт,жұма немесе айт намазында,яғни 7-ғасырда Ислам діні Таяу Шығысқа келместен бұрын айтылған арабтардың Аллаһ терминінің орнына Тәңір сөзін қолданыңыздар.

Нақтырақ айтсам ертеңгі діни мерекелік намазда әрқайсыңыз түркі-қазақтың бір Тәңіріне жалбарынып,ата-бабамыздың аруағын еске алып, бата қылсаңыздар..

Сонымен қатар топан судың астында қалған қазағымның амандығын тілеп,арабтың Алласына емес, қазақтың бір Жаратушы-Тәңіріне жалбарыныңыздар дегім келеді” дейді тәуелсіз дін зерттеуші.

Фото ашық дереккөзден алынды.