Қазақтар шетелді де «шулатуда»

0
287

Әлемдік танымал ақпарат құралдары Қазақстан туристерінің барған жерін бүлдіріп жатқанын жазуда.Euronews хабарлауынша, қазақстандық саяхатшы көне шаһардың орны Помпеидегі Археологиялық паркте, «Цейлар үйі» жәдігерінің қабырғасын бүлдіргені үшін тұтқындалды.

Ол тарихи экспонаттың қабырғасына ALI деп қырып жазған. Ер адамға енді Грекия мемлекетіне келтірілген ірі шығынның орнын толтырып, тарихи мұраны қалпына келтіру жұмыстарының құнын өтеуге тура келмек.

Бұл туралы ақпарат алғаш Археологиялық бақтың ресми сайтында пайда болды. Ондай келтірілгендей, 1913-1914 жылдары археологтар қазып алған «Цейлар үйі» біздің заманымызға дейінгі сонау ІІ ғасырдың, кейінгі самнит дәуірінің мирасы болып табылады. Тиісінше, бұл нысан бүкіл дүниежүзі бойынша сол ежелгі замандағы байырғы баспананың сирек, бірегей үлгісі саналады.

Тарихи деректер бойынша бұл баспананың қожайыны магистрат Луций Цей Секунд болған. Мұны сол заманда үйдің қасбетіне сәулетшілер арнайы қашап түсірген тарихи жазба куәландырады.

Енді қазақстандық еркек соның қасына өз атын қашап қалдырмақ болғаны үшін ұсталды.

«Қазақстаннан келген туристті қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері өткен сенбі күні, таңертең ұстап алды. Ол Помпеидің Археологиялық паркіндегі Цейлар үйінің ақ штукатуркасына «ALI» деген сөзді қашап жазып жатқан кезде тоқтатылды», – деп мәлімдеді музейдің пиар-офисінің өкілі Euronews-ке сұхбатында.

Болған қылмыстық оқиға туралы музей қызметкерлері дереу парктің жанында орналасқан карабинерлердің стационарлық бекетіне хабарлаған. Жедел жеткен жергілікті полиция заң бұзушының қолына кісен салды.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.