«Қазақтарға түкіргенім бар» деген әншіге бойкот жарияланды
Қазақстандықтар ресейлік «Серебро» тобының бұрынғы мүшесі Ольга Серябкинаның Алматыда өтетін концертіне қарсы байкот жариялады. Мұның себебі әншінің желіде тараған видеосында Қазақстан туралы кемсіту сөздері айтылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әнші бұл сөзді контекстен қиып алынған деп ақталғанымен желі қолданушыларының едәуір бөлігі мұны қорлау деп қабылдады. Сол себепті көпшілік оның Алматыдағы концертінен бас тартуды талап етті.
«Онда не бар? Қазақстан? Қазақ еліне түкіргенім бар», — дейді ол видеода.
Желідегі кейбір сарапшылар оның бұл сөзі қандай да бір мағынада өзгертіліп, алынғанын жеткізді. Алайда бұл тыңдармандардың наразылығын тоқтатпады. Көпшілік әншіні “не десе де, ойындағысын анық естідік”, деп сөкті.
«Сөздері кесілген бе, кесілмеген бе, бәрібір оның дәл осы сөзді айтқанын естіп отырмыз. Соның өзі жеткілікті. Кешірімін қажет емес. Қазақстанға кіругізбесін! Түкіре қарамайтын жерінде қалсын», — деп жазды желі қолданушысы.
Пайдаланушылардың пікірлері әр түрлі болды. Бірақ көпшілігі концертке бойкот жариялау идеясын қолдады.
Айта кету керек, видео Алматыдағы ресейлік әйелдің концерті қарсаңында пайда болған. Ол 29 қарашада сағат 23:00-де мегаполис клубтарының бірінде өнер көрсетуі керек болған. Оның орындауындағы билеттер қыздар үшін 5 мың теңге, ерлер үшін — 15 мың теңгеге қойылған.
Фото интернеттен алынды.