Қазақты дін, діл дегендер ұлт ретінде сақтап қалмайды

0
213

Қазақты ұлт ретінде сақтап қалған үш таған — тілі, ділі және дін деген былжырақ сөзді қою керек қой. Тіл — түсінікті. Дін туралы әңгіме бөлек.

Ал ДІЛ* деп отырғанымыз не, осы? Ешқандай жауапкершілік арқаламайтын салмақсыз ұғым, тілге апарып дінді қосақтау үшін, ұйқас үшін айтылған сөз, әлеуметтік термин ғана. Ағылшынның менталитет деген сөзін қазақшалаған түріміз.

Бұдан былай ділді пайдаланып, қазақтың санасына ислам дінін таңуды ұлтқа қарсы жасалған сатқындық саясат деп тануымыз керек деп ойлаймын.

Елі мен жерін қорғау үшін аруақтанып атқа қонған

қазақты қазақ қылып сақтап қалған ол:

✓ ары мен намысы; ✓еркіндігі мен тектілігі;

✓ елдігі мен ерлігі.

Қазақ барда қазақтың тілі өлмейді.

Тарихты айтып басты қатырмаңыздар, Ұлы далаға дін-ислам қай жақтан, қашан, қандай жолмен келгенін әр қазақ жақсы біледі және қазақ халқының сонау Қүлтегіндерден қалған өз даму шежіресі бар.

Төменде ділдің сипаттамасы.

*Діл (кейде менталитет, ағылш. менталітy, кейде ағылш. міндсет) — ойлаудың үлгісі, этностың, әлеуметтік топтың, индивидтің жалпы рухани мінез-құлқы. Сондай-ақ діл халықтың этникалық бірлігі мен оның басқа ұлттық құрылымдардан ерекшелігін тану болып табылады. Сол арқылы адамдардың жалпылама және нақты баға беруі, әлеуметтік ұстанымы өзінің әлеуметтік бірлігіне және басқа да қауымдастықтарға белсенді қарым-қатынасы пайда болады.

Мына анықтамада діл дегенің — ұлттың болмысы, дүниетаным діңі, рухани арқауы деп отырған жоқ, жай ғана тұрмыстық деңгейдегі қарым-қатынасты жалпылама бағалау ғана бар.

Жомартбек НҰРМАН, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.