Қазақтың қызы – тіл саясатының құрбанына айналмасын!

Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов ауданының сотында жүкті мұғалім Жансұлу Дархамбаеваға үкім шығарылды.
«35 жастағы Жансұлу Дархамбаева ұлт аралық араздық қоздырғаны үшін 2 жыл бас бостандығынан айырылды.
Оның туыстары бұл үкімді тым қатаң деп есептейді, өйткені ол жүкті, жақын арада босануы тиіс, – деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Жансұлу Астана қаласының тумасы. СҚО-да тұрған. Білімі бойынша – мұғалім. Сотқа интернеттегі мәлімдемелері үшін тартылған.
2025 жылдың қаңтарында TikTok-та орыс ұлтына қатысты бейнежазбалар жариялаған. Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, бұл видеоларда орыс ұлты өкілдеріне тіл тигізген».
Шынын айтқанда, жүрек қан жылайды.
Сотта Жансұлу кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтқан, сондай-ақ ол қай жерде жұмыс істесе де, мемлекеттік тілді және қазақ ұлты өкілдерін кемсітуге тап болғанын айтқан.
Лингвистикалық сараптамада — ұлтаралық араздық қоздыру, кемсіту, ар-намысты таптау белгілері айтылған.
Бірақ, Жансұлуды осындай жағдайға алып келген себептеріне назар аударылмаған сияқты:
- Қаншама жерде жұмыс істесе де, қазақ тілін менсінбеген, Конституциядағы мемлекеттік тілді мойындамайтын азаматтардан жәбір көріп отырған.
- Жүктілік, міне-міне босанатын кез де таянған сияқты. Жүкті әйелге, оның ішінде жақын күндері босануы мүмкін адамға еркіндіктен айыру жазасын беру — гуманизм принципіне қайшы.
- Қазақ тілінің тарихи Отанындағы Конституциядағы Мемлекеттің тілдің екіұшты ахуалы.
Жансұлу — жеке тұлға ғана емес, бүгінгі тіл саясатының құрбаны. Жансұлуға барынша жеңілдік жасап, бостандық беруін сұраймын.
Құрметпен,
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Фото интернеттен.