Қазіргі қариялардың осындай қылығы жастарды бұзуда

0
684

Әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі келеңсіз бір көрініске қатысты танымал журналист Айгүл Қоқай оймен бөлісті деп жазады Democrat.kz.

“Біздің жастар жақсы. Автобуста орын береді. Қолыңда ауыр сөмке көрсе, дереу көмек етуге тырысады. Барлық кезде дереу қол ұшын созуға дайын. Неге? Қазақи тәрбие!” деген Айгүл Қоқай осындай жағдайда енді үлкендердің әдепсіз әрекеттерін сынға алды.

“Бірақ, біздің үлкен деген кісілеріміз, қарт қазақтарымыз дұрыс емес! Сол жастарға батасын жаудырудың орынына үндемей көмекті қабыл алады.

Ең жомарттары – “Алла риза болсын!” – дейді. Неге өзі риза болмайды? Неге өзінің батасын аяйды? Неге өзіне сенбейді? Неге ол аллаға риза бол деп бүйрық береді?

Оның ризалығы мың есе артық емес пе? Кімді кінәлаймыз? Молдаларды ма? Қазақтың батасының қадірін кетірген үлкендерді ме?

Шөп сумен көгереді! Адам батамен көгереді! Адамның батасын аласын жақсылық жасасаң деп, үйрететін бұрын.

– Бақытты бол!

– Өркенің өссін!

– Қолың табысты болсын!

– Еңбегің елеулі болсын!

– Бай қуатты бол!

– Көсегең көгерсін!

– Көп жаса!

– Қатарыңның алды бол!

– …

Қазақтың осындай екі-ақ сөзден тұратын батасының ішінде қаншама құндылық, жанға азық, жылу жатыр! Көп сөз айтпай ақ, осылардың біреуін ғана айтса – баланың бойы өседі ғой!

Еңсесі көтеріледі! Қазақ үшін жақсы адам болсам дейді ғой! Қалай оларды ысырып, аллаға итере салуға болады?!

Бірте бірте жастар да жақсылық жасаудан беттері қайтады. Сосын қазақ болудан қаламыз…” деп жазды журналист.

Фото көрнекілік үшін.