«Кейбір шешелер тойда өтірік жылайды» дейді асаба

0
346

Талай тойды басқарған асаба Берік Жорабеков өзі тойда куә болған жағдай туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.

«Қыз ұзату тойларында кейбір шешелер өтірік жылайды. Көп көрдім ондайларды. Бірде бір сондай тойда қызын ұзатып жатқан шешесі сұмдық жылады. Жұрт жұбата алмай, қиналды. Біз мына жақта күтіп тұрмыз. Бір кезде қасына барып «апай, тойдың қалған ақшасын бере саласыз ба?» дегем ғой. «Қанша қалып еді» деп бетін сүрте салып, түк болмағандай біздің ақшамызды есептей жөнелді. Аналар ренжімесін, қыз ұзату тойында шынымен егіліп жылайтын — әкесі. Әке мен қыздың арасындағы ерекше махаббатты сондай ұзату тойларында көруге болады», — дейді асаба Берік Жорабеков.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.