«Керей мен Жәнібек те мұсылман болған» дейді Аянтай «ұстаз»

0
398

Әлеуметтік желілерде «Аянтай» атты есіммен түрлі видеолар шығаратын «мини ұстаз» оқырманын күн сайын таңғалдыруда деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы. 

«Мини ұстаз» деуімізге себеп — «Аянтай» қызымыз өзге ұстаздар секілді 25-30 жастан асқан, ең болмаса ақыл тоқтату шағынан да өтпеген қазақтың өрімдей жас қызы. Ислам діні үшін кез келген тарихи деректі шыр айналдырып жіберетін Аянтайдың 6000-нан астам оқырманы бар.

Аянтай алғашқы видеосын үй сатумен бастап, келе-келе қолына қара домбыраны ұстап алып, уағыз айтуға кірісті. «Қазақ әу бастан мұсылман болған» деген түсінікті көрерменіне күштеп тықпалаған Аянтай төмендегі видеосында қазақ-қазақ болғалы мұсылман болғанын тарих арқылы «дәлелдеп» береді.

«Қазақ хандығы құрылғанда мемлекеттік дін — Ислам болғанын дәлелдеп беремін. 670 жылы қазіргі қазақ даласының оңтүстігінде Ислам дінін таратушылар келе бастаған. 751 жылғы Тараз маңында болған Атлақ шайқасында Ислам таратушылар қытайларды ойсырата жеңіп, Шығыс Түркістан, Жетісу өңірлеріне азаттық алып беріп, Орталық Азияда толығымен Ислам дінін орнатады» деген Аянтай «ұстаз» кейінгі ғасырларда қазақ даласында бекіген мұсылман дініне тоқталады.

«15 ғасырда Керей мен Жәнібек қазақ хандығын құрып, мемлекеттік діні Ислам діні деп айтады. Ол сөзіме дәлел — ұлы тарихшы Мойнатдин Нәтанзидің «Ескендір анонимі» еңбегінде Жәнібек ханның бүкіл халықты Исламға бағындырып, мешіттер салдырған дейді», — деген Аянтай «ұстаз» қазақ-қазақ болғалы мұсылман болғанын осылай «дәлелдейді». Қазақ 6-7 ғасырда немесе 15 ғасырда ғана қазақ болды ма? Оған дейін қазақ кім болды деген сұраққа «ұстазыңыз» бас қатырмайды.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.

@ayan.tay

Ответ пользователю @kent8840

♬ оригинальный звук — Аянтай