Кішкентай балаға діни білім алғаны дұрыс па, бұрыс па?

Әлеуметтік желідегі парқшасында танымал қоғам белсендісі Бурахан Дақанов көпшілікке бір сауалмен жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
“Осыдан біраз күн бұрын әйелім звондайды. Ана менің жеті жасар ұлым, намаз оқуға барам деп қиғылық сап жатыр дейді. Біртүрлі боп қалдым.
Өзім енді енді ес жиып келе жатқан, отбасылық өмірдің ыстық суығын енді көріп жатқан адаммын ғой. Мынадай сәттерде тәжірибе жоқ, ыңқ ете қап, өскесін барасың дегеннен басқа айтарға сөз таппадым.
Жалпы, екі үйден кейін мешіт тұр. Сол жердегі бір екі баланың әңгімесін тыңдаған секілді.
Мысалы, мынадай ситуацияда сіз не істер едіңіз?
Негізі, біреу білер, біреу білмес, заманында менде медреседе оқығам. 6 оқитын кезім ед бір. Ауылға бір жас имам келді. Әлгіні қызық көріп мешіттен шықпайтынбыз.
Сөйтіп жүргенде, медресе жайлы сөз шығып, үйге кеп шешемнің есін шығардым. Жалғыз басты әйелдің жалғыз ұлымын. Анда мында жібере қоюы неғайбіл.
Дегенмен, қоярда қоймай дегеніме жетіп, Өскемендегі Ақжол атты медреседен бірақ шығып ем). Шыққаны былай тұрсын, азартқа кіріп, үздік шәкірттердің бірі болдым десемде болад. Бірақ, тағдырдың жазуымен, бір жылға жетпей ауылға қайтып оралып, басында кәдімгідей намазхан бала болғам.
Сосын үйірге қосылып, қуып кеткенім бар енді. Ауылда Мылтықбас деген көрші братандарға қосылып ап, бағанағы медреседе оқыды деген ат, тағдырдың бір беті боп жабылып қала берді. Ол енді басқа әңгіме.
Қысқасы, менің орнымда не істер едіңіз?” деп сауал тастады Бурахан Дақанов.
Бураханның бұл сұрағына жауап пікір жазғандардың басым бөлігі “баланың миын жастай дінмен уламау керегін” айтуда.
Ал енді кей кісілер “кішкентайынан дін туралы білім алған баланың есейгенде иманды, тәртіпті болатынын” айтуда.
Сіз қалай ойлайсыз, балаға кішкентайынан діни сауат алғаны дұрыс па, бұрыс па?
Фото көрнекілік үшін интернеттен.