“Қиын-қыстау, қилы заманда…” әні үшін кешірім сұрады

0
1456

Елімізде болып жатқан түрлі апатты жағдайларда жиі қойылатын”Біргеміз” әніне байланысты Сырым Әуезхан халықтан кешірім сұрады деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы. 

Әлеуметтік желілерде “әлгі “қиын-қыстау қилы заманда” деген әнді қоймаңдаршы. Сол ән қойылса, еліміздің басына күн туады”, “қиын-қыстау” әнін қоймаңдаршы, сол әнді қойғаннан су тасқыны болды” деген түрлі пікірлер жазылғаны мәлім. Осыған орай әннің авторы Сырым Әуезхан арнайы видео-үндеу жолдап: “Алдағы уақытта мұнан да жақсы ән шығарамыз” деп, қалжыңмен болса да, халықтан “Біз біргеміз” әні үшін кешірім сұрады.

@syrymauyezkhan

“Қиын-қыстау қилы заманда…” деген әнді айтпайтын күн көп болсын. Енді қандай ән жазамыз?@Жандарбек Булгаков

♬ original sound – Сырым