Қоғам белсендісі Атырау облысы әкіміне хат жолдап, өтініш білдірді

0
28

Қоғам белсендісі, «Демос» қоғамдық бірлестігінің  төрағасы Тұрарбек Құсайынұлы Атырау облысы әкіміне ресми хат жолдады деп жазады Democrat.kz.

Елімізде ауқымды қызмет атқарып, соңғы 3-жыл қатарынан Қазақстан Республикасындағы үздік салық төлеуші атағын иеленген американдық ТШО компаниясы екені бәрімізге белгілі.

Атап айтқанда тек соңғы 10 жылда ғана ТШО сыртқы және мұнай нарығының қолайсыз жағдайларына қарамастан, ҚР бюджетіне жылына орташа есеппен 5,7 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға төлемдерді тұрақты түрде жүзеге асырды.

2023 жылы ТШО Қазақстанға 14 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде тікелей қаржылық төлемдері арқылы Қазақстандағы ең ірі салық төлеушілер арасындағы орнын нығайтты.

Жалпы алғанда, 1993 жылдан бері ТШО-ның Қазақстан Республикасына тікелей қаржылық төлемдері

196 миллиард АҚШ долларынан астам соманы құрады.

ҚҰРМЕТТІ СЕРІК ЖАМБЫЛҰЛЫ!

Қазақстан Республикасы мен Атырау облысының экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосқан американдық Шеврон (ТШО) компаниясына Атырау қаласының тұрғыны және «Демос»  қоғамдық бірлестігінің төрағасы ретінде ерекше ілтипат пен құрмет көрсеткім келеді.

Соған байланысты Америка Құрама Штаттарында күні кеше ғана президенттік сайлауда жеңіске жеткен АҚШ-тың 47-ші президенті ДОНАЛЬД ТРАМП пен 40-шы президент РОНАЛЬД РЕЙГАННЫҢ бет-бейнесін сомдайтын граффити-муралды мұнайлы Атыраудың әсем жерінен бейнелеп-салуға рұқсат беруіңізді өтініп сұраймын» дейді өз хатында «Демос» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тұрарбек Құсайынұлы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.