Қоғам белсендісі Президентке үндеу жасады

0
234

Бүгінгі геосаяси ахуал – еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығына сын сәт. Осындай кезеңде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымы – ел мүддесін қорғаған нағыз көшбасшының шешімі.

2022 жылы Санкт-Петербург экономикалық форумында Қасым-Жомарт Кемелұлы

Донецк пен Луганск тәрізді «квазимемлекеттік құрылымдардың» тәуелсіздігін мойындамайтынын ашық әрі батыл түрде мәлімдеді.

Алайда күні кеше, яғни үш жылдан кейін

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Коммерсантъ» басылымына берген сұхбатында Тоқаевтың бұл ұстанымына ашық түрде қарсы шықты.

Оның сөзі Қазақстанның егемен шешім қабылдау құқығын жоққа шығаруға тырысқанымен тең.

Мұндай мәлімдеме – тек президентке емес, бүкіл қазақ халқына айтылған орынсыз саяси қысым.

Біз қазақ халқы ондай сөздерге жол бере алмаймыз!

Қазақстан – тәуелсіз мемлекет, өз бағытын өзі анықтайды. Ешкім біздің ішкі және сыртқы саясатымызға нұсқау бере алмайды. Тоқаевтың ұстанымы – еліміздің бейбіт болашағын, территориялық тұтастығын қорғау жолындағы әділетті де өрелі шешім.

Ел болып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып,тәуелсіз Қазақстанымызды қорғау – әрқайсымыздың ұлттық борышымыз!

Бірлік бар жерде – тірлік бар. Біз Президентті қолдаймыз! Біз тәуелсіз Қазақстанды қорғаймыз!

Тұрарбек ҚҰСАЙЫНҰЛЫ,

“Демос” қоғамдық бірлестігінің

басшысы.

Фото көрнекілік үшін.