«Көп әйел алуды қолдамаймын» дейді Нұрлан имам

0
313

Әлеуметтік желілер арқылы танымал имам, теолог Нұрлан Байжігітұлы тоқал алуға қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Әйеліме Tiffany сыйламаймын»

Ол «Сырласу» бағдарламасында қонақ болып, некелескен жарын жиі қуантқысы келіп тұратынын жеткізген.

Әйелім қымбат сыйлық сыйлағанымды ұнатпайды. Бірде сыйлаған едім, қатты ұрысып берді. Ол кісі өте қарапайым. Сондықтан әйеліме Tiffany сыйламаймын. Әйелің қанағатшыл болса, дүниенің басы құралады екен. Жар таңдауда жолым болды, – деді имам.

«Көп әйел алуды қолдамаймын»

Нұрлан Байжігітұлының айтуынша, әйелдің ішінде жарылмай жүрген өкпе-реніш болады.

Көп әйел алуды қолдамаймын. Ондай әңгімені жақтырмаймын. Көп әйел алып, жылатып жүрген еркектер қаншама?! Көп әйелдің бірі болып, жылап жүрген қыз-келіншек қаншама?! Әділдік болуы керек. Құранда да айтылған. Әйелдің ішінде жарылмай жүрген өкпе-реніші болады. Сен тоқал алғың келе ме, қызыңды да тоқалдыққа беруге дайын бол. Көп еркек осы сөзбен келіспейді, – деді имам.

Фото интернеттен алынды.