«Көп балалы әйелдерге қаным қараяды» дейді блогер

0
1456

ТикТок әлеуметтік желісінде қайырымдылықпен айналысатын Рысбала Икрамбайға қатысты шабуыл басталды деп жазады Democrat.kz.

Өзінің ауру баласы үшін Рысбаладан көмек сұрап, бірнеше рет смс жазған келіншек, тиісті жауабын ала алмаған соң, «Рысбала жұрттың ақшасына шалқайып, адам менсінбейді. Рысбала менің балама көмектеспеді» деген сыңайда түрлі ақпараттық шабуылды бастаған-ды.

Дәл осындай шабуылдың бір түрін көп балалы кейбір аналар да әлеуметтік желіге жазып, «бала-шағам аш, киімі жоқ. Рысбала көмектеспеді» деп реніштерін білдірген.

Осыған орай Aiko_bai атымен тіркелген блогер қыз өз пікірін ТикТокта білдірді. «Көп балалы аналарды көрсем, қаным қараяды.  Асырай алмасаңдар, не үшін тудыңдар? Сенің балаң үкіметке, блогерге міндет пе? Тусаң, өзің үшін тудың баланы. Кішкене шамаңа да қарауың керек қой. Жәрдемақыны күтіп немесе блогерлерге  «менің үйім жоқ, тамағым жоқ» деп алақан жаю не керек? Аяқ-қолдары балғадай, жұмыс істемейді. Айналайындар-ау, балаңды Рысбала үшін туған жоқсың ғой!?»,- деді блогер Айко.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды. 

@aiko__bai

Сіз қалай ойлайсыз?

♬ оригинальный звук — Aiko__bai