Қорқынышты қоғамға айналдық, қазақтығымыз қайда?

0
156

Табиғатта гиена дейтін жауыз жыртқыш бар. Топтасып алса, аң патшасы арыстаннан да қаймықпайды.

Шырылдап, көмек сұрап шыңғырған анасының зарына қарамай, құшағындағы баласын жан-жақтан тепкілеп, пышақтап кеткен талғарлық жауыздардың (жастардың деп айтуға аузым бармай тұр) ит тірлігін көргенде сол гиеналар көз алдыма келді.

Кеше интернет қарайтын уақыт болмады. Жатар алдында тик-ток қарай салмасым бар ма. Сол Талғардағы видео адымнан шықты. Қараңғылау мезгілде түсірілген екен. «Полиция, скорая шақырыңдарш» деп жатқан ананың заң еңіреген дауысы естіледі.

Анасы қаскөйлерден қорғамақ болып, баласын бауырына құшақтап алғанға ұқсайды. Барынша қорғаштап жатыр. Ананың зарына құлақ асып, тоқтап жатқан адам жоқ. Жан-жақтан қаумалап алған. Битамен ұрып жатқан ит те кадрдан көрінеді. Пышақ сұққандай қол сермеп жатқан жауыз да бар.

Не деген қорқынышты кадр! Сол жаста бала өсіріп отырғасын ба, ұйқы қашты кәдімгідей. Кімдер олар? Қалай сонша жауыз болуға болады? Ондай қанішер болу үшін не ішу керек, не шегу керек? Әлде расында да есірткіге уланған наркомандар ма?

Неге бұндай күйге түстік? Жауыз болуды қайдан үйрендік? Адамдығымыз қайда? Үйдегі, айналамыздағы тәрбие, қазақтығымыз қайда қалды? Қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз? Неге өмір сүру қорқынышты, бала өсіру қиын болып кетті?

Ана «иттердің» гиенадан қандай айырмашылығы қалды?

Нұрболат ТАУЫСБАЙҰЛЫ, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.