Көшпенділер ойыны көрерменсіз жабылады

0
312

Бүгін, 13 қыркүйекте Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты көрерменсіз өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ойындар дирекциясы бюджеттің қысқаруына байланысты шараның салтанатты шаралар мен көрерменсіз хаттамалық форматта өтетінін түсіндірген. Алайда жабылу салтанатын қазақстандық жетекші телеарналардан тікелей эфирде көруге болады.

Ұйымдастырушылар ойындардың жабылуына арналған билеттер сатылымы туралы хабар тарағанын айтты. Билеттердің сатылмайтыны және кез келген ұсыныстың алаяқтық екені ресми түрде айтылды. «Жабылу рәсімі тек қатысушыларға арналған және көрермендердің қатысуынсыз өтеді», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Мәдениет және ақпарат министрілінің хабарлауынша, Көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты 13 қыркүйекте сағат 16:00-де «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде өтеді. Cалтанатты шарада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Қарақат Әбілдина, Қайрат Баекенов, Гүлсім Мырзабек, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Марат Айтымбай, Мади Сыздықов және т.б. өнер жұлдыздары танымал эстрадалық әндер мен халық композиторларының шығармаларын орындайды.

Бұдан бөлек «Наз» мемлекеттік би театры және Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы, «Қамбарқан» фольклорлы-этнографиялық ансамблі (Қырғыз Республикасы) және «Меломен» тобы қатысады.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.