Қостанай қазақыланып келеді

0
161

Кешелі-бүгін жақсы жаңалық естіп қуанып отырмын. Нағашыларының еліне барып келген үлкен ұлым алып келді ол жаңалықты.

Қостанайға бір тойға барып, ар жағында Тобыл стансасында тұратын нағашысына сәлем бере соққан. Жанында немерем бар. Этажды үйге үйренбеген немерем іші пысып үйге сыймпапты.

Содан оны Тобылдың орталығындағы балалар ойнайтын алаңға апарғанда көргені мен естігеніне өзі сенбепті. Бүкіл балалар қазақша сөйлеп шулап жүр дейді.

Шынында менің өзім сенер-сенбесімді білмедім естігенде. Мен сол жақта қызмет істеген кезімде бүкіл Қостанай, Рудный, Лисаковск қалаларынан қазақша сөйлейтін бір қазақты кездестірмеуші едім.

Ал ол қазақыланудың бірден бір себебі оңтүстік облыстардан көшіп келушілердің ықпалы болған екен. Тағы бір жаңалық жаңағы баламның нағашысының (менің қайын ағамның) жалғыз ұлы сол «южанканың» біреуімен танысып, көңіл білдірген ғой. Ол қыз «сен қашан таза қазақша сөйлегенше жауабымды бермеймін» депті.

«Міне нағыз келін болатын қыз!» деп ризашылығымды білдірдім. Кезінде менің атам өз «авторитетімен» інілерінің біразын үйлендірген екен. Атам құда түсе барса, оған отказ болмайды екен. Авторитет!

Осыдан он бес жылдай (мүмкін одан да көбірек) ауылға бардым.Бисары деген әжеміз хал үстінде дегенді естіп, көңілін сұрауға бас сұқтым.

Әжеміз нашарлап жатыр екен, құлағына айқайлап атымды, атамның атын айтқанымда, басын бұрып жалғыз ұлы Аманбай ағамызды шақырды.

Сонда , «сенің бұл жарық дүниеге келгенің мына ініңнің атасының арқасы» дегенін өз аузынан естідім. Кезінде Әлжан әкеме Бисары әжемді құда түсіп айттырған атам екен.

Ата дәстүріне лайық әлгі қызға құда түсе барсам қайтеді қайнағамның баласына айттыруға деген ой кеп отыр.

Әлімжан ШАРМАҒАНБЕТОВ,

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.