Қосымша құн салығы өссе — әлеуметтік төлемдер сомасы да артады

0
70

Егер Қазақстанда қосымша құн салығы өссе, азаматтардың жалақысы, жәрдемақысы, зейнетақысы мен атаулы әлеуметтік көмегі өседі. Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин осылай мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Егер қажет болған жағдайда, біз атаулы әлеуметтік көмек, жалақы, зейнетақы мен жәрдемақыны көбейтеміз», — деді Жұманғарин.