Қожа Ахмет Ясауиді кімдер не үшін жек көрген?

0
522

ТикТок әлеуметтік желісінде тараған baqsy-sultan парақшасындағы видео қызу пікірталас тудыруда деп жазады Democrat.kz.

“Арабтар неге Қожа Ахмет Ясауиді жек көреді? Себебі арабтар құран кітабымен қатар өздерінің салт-дәстүрлерін де дін арқылы халыққа тықпаламақ болған. Ал Ясауи “мынау – Құран, ал мынау – арабтың дәстүрі” деп екеуін екі бөлек жіктеген. Сол себепті де арабтар Ясауиді жақтырмайды”, – деген кісінің сөздеріне қатысты жұрт өз пікірін білдіруде.

Бірі “арабтар Ясауиді танымайды да”, “арабтар Орта Азияда туған бүкіл ғұламаларды құрметтейді”, “бұл коммунистердің ертегісі ғой”, “пайғамбар ата-бабасына құран бағыштамаған” деген сынды пікірлер жазуда.

Фото видеодан скринделіп алынды.