«Кселл» 5G экожүйесін құруда

0
87

Еліміздің жетекші ұялы байланыс операторы республикадағы 5G желілерінің қамту аймағын кеңейтіп базалық станциялардың құрылыс қарқынын арттыруда. Мәселен, жыл соңына дейін «Кселл» ел бойынша қосымша 250 жаңа буын станцияларын орнатуды жоспарлап отыр, бұл бүгінгі күні  бой көтерген 835 5G базалық станцияларын толықтырып қана қоймай, таратылу аймағын едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Яғни 5G байланыс технологиясының экожүйесін құрып, оған қазақстандықтардың көптеп тартылуына жағдай жасайды, деп хабарлайды Democrat.kz.

Ағымдағы айдың 2 аптасында ғана компания ел бойынша 20-дан астам жаңа базалық станцияларды іске қосты, осылайша 5G желісін қамту картасында күн сайын жаңа нүктелер «жанып» кеңеюде. Егер өткен жылы қазақстандықтар ірі қалалардың ірі орталықтарында жаңа байланыс технологиясының артықшылықтарын бағалап, өз гаджеттерінде жылдам сынақтар жүргізе алса немесе «ауыр» файлдарды жылдам жүктеп 5G-дің жылдамдығына куә болса, қазір мұны өздерінің тұрғылықты жерлерінің басым бөлігінде жасай алады. Өйткені, «Кселл» қысқа мерзім ішінде, (5G желісін дамыту секілді ауқымды жоба үшін бір жарым жылмәнінде қысқа мерзім) жаңа технология бойынша 800-ден астам базалық станцияларды орнатып, жоспардан озып келеді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басынан бастап «Кселл» 340-тан астам 5G базалық станцияларын іске қосып, 2023 жылы орнатқан жүздеген станциялармен бірге, Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Атырау, Қонаев, Петропавл, Тараз секілді барлығы 20-ға жуық шағын және ірі қалаларды 5G байланысымен қамтыды. Бүгінгі таңда өз гаджеттерінде 5G модулі бар миллионнан астам қазақстандық жаңа байланыс технологиясы бойынша барлық телеком-қызметтерді және цифрлық сервистерді пайдалана алады деп айтуға болады.

«Біздің ішкі талдауымыз бойынша қарайтын болсақ, қазақстандықтардың көбі 5G технологиясын белсенді қолдануда, сондай-ақ біз шағын және орта бизнес өкілдері үшін де бесінші буын байланысын жеткізіп, 5GKcell Auleti Business қызметін өз кәсіптерінде, яғни  мейрамхана, қонақ үйлер мен сауда нүктелерінде пайдаланған іскерлерден  өте жақсы пікірлер алудамыз. Сонымен қатар, адамдар жаңа байланыс технологиясын көбірек қолданудың арқасында, біздің 4G желілерімізде трафик пен жүктеме де біртіндеп азаяды, бұл пайдаланушылардың 5G-ге ішінара өтіп жатқанын көрсетеді. Шынында да, бұрын барлық жүктеме 4G-ге түскендіктен, кейде тұтынушылар ағынына төтеп бере алмайтын кезеңдер болатын, қазір бесінші буын желісі біртіндеп жүктемені өзіне алып жатыр», — дейді «Кселл» АҚ Бас техникалық директоры Кирилл Страшенко.

Жалпы, 2024 жылды«Кселл»өз қорында 1000-нан астам 5G базалық станцияларымен жабуды жоспарлап отыр және сонымен бірге жаңа байланыс технологиясының экожүйесін дамытады. Бұл қарапайым азаматтарға ғана емес, сонымен қатар шағын және орта бизнеске және ірі корпоративті клиенттерге, атап айтқанда, компания 5G желілерінөндіріс орындары мен алпауыт кәсіпорындар үшін қолжетімді етпек. «Кселл» кен орындары мен ірі зауыттарда алдыңғы 4G немесе LTE технологиясы негізінде Private Network орнату бойынша табысты кейстерге ие, енді «Индустрия 4.0» элементтерін өнеркәсіпке енгізу міндеті тұр және мұнда 5G мүмкіндіктері мен әлеуеті басты рөлде болмақ.

Фото интернеттен алынды.