«Күлтегіннің ескерткіші ЮНЕСКО мұраларының қатарына енгізілуі керек» дейді Тұрарбек Құсайынұлы

0
148

Қоғам белсендісі, тәуелсіз дін зерттеуші Тұрарбек Құсайынұлы Күлтегіннің ескерткішін ЮНЕСКО мәдени мұралары қатарына енгізу туралы ұсыныс жасады деп жазады Democrat.kz.

Әлеуметтік желі парақшасында жазба қалдырған Тұрарбек Құсайынұлы: «Құрметті қазақ елі!

Өздеріңіз білесіздер түркі әлемінің мақтанышы болған Шығыс Түрік қағанатындағы Күлтегінге арнап Йоллығ-тегін «КҮЛТЕГІН ЕСКЕРТКІШІН» жазып қалдырған болатын.

Ең маңыздысы Күлтегін ескерткішінде «ТӘҢІР 𐰴𐰃𐰣𐰃  және ТҮРКІ  𐱅𐰇𐰼𐰚» сөздері ежелгі көне түркі,яғни руна жазуымен жазылған.

Сонымен қатар тарихи-филлсофиялық мәтіндерден басқа Күлтегін ескерткішінде табғаш, яғни қытайлар туралы мәтіндер түркі халқының сол кезеңдегі жағдайын және Қытай империясымен қарым-қатынасын өте жақсы сипаттайды.

Күлтегін ескерткішінде:

Түркі халқы Қытайға бағынды, басшылар мен бек мықтылар құлға айналды. Түркілер қытай есімдерін қабылдап, қытайға құлша қызмет етті. Қытайларға бас иген кезеңде түркілер әлсіреді,бірлігін жоғалтты.

Қытайдың арбауына түскен түркі халқы уақыт өте өз жағдайын түсінді. Олар бірлікке шақырылып, тәуелсіздігін қайтаруға әрекет жасады. Түркілер Қытайға қарсы шығып, азаттық үшін күресті.

Қытай түркілерге қарсы түрлі саяси және экономикалық амалдарды қолданды. Бірақ түркі халқының бірлігі мен күш-жігері оларға өз тәуелсіздігін сақтап қалуға мүмкіндік бергені туралы да  егжей-тегжейлі жазылған.

Сондықтан да КҮЛТЕГІН ескерткіші тек түркі халықтарының емес, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасына жатады.

Өз басым КҮЛТЕГІН ескерткішін ТҮРКІСТАН аймағындағы түркі өркениетінің бай мұрасын паш ететін және түркі әлемінің бірлігінің символы ретінде ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұра тізімінде ерекше орын алатын  немесе әлемдік деңгейде түркі мәдениетінің маңыздылығын айқын көрсететін символдық ескерткіш деп есептеймін.

Бірақ өкінішке орай Күлтегін ескерткіші (стелла) ЮНЕСКО-ның алдын-ала немесе негізі тізімінде жоқ боп шықты.

Осы олқылықты түзету мақсатында

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің басшысы Aida Balayeva  ханымға КҮЛТЕГІН стелласын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұралар тізіміне енгізу үшін мемлекет тарапынан ЮНЕСКО-ға ұсыныс жасауды өтініп сұрадым» деп жазды.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.