Құран курсында оқитын 17 бала жыныстық зорлыққа ұшыраған

Тек біздің ғана елде емес, қазіргі кезде діни білім беретін медресе-мешіттері бар басқа да мемлекеттерде титтей балаларға діни мекеме тарапынан жасалып жатқан түрлі зорлық-зомбылық әрекеттер жиілеуде деп жазады Democrat.kz.
Түркияның Бақшалы үйлер (Bahçeli evler) ауданындағы ресми мүфтияттың ұйымдастырған діни курстарына барып жүрген 17 балаға жыныстық зорлық жасалған.
Бұл туралы Түркияның Мәжіліс депутаты билік мінберінен мәлімдеді.
“17 балаға Құран курстарында жыныстық зорлық жасалған. Бұл елдің діни оқу орнында мынадай сұмдықтар болып жатса, ал біз үнімізді шығара алмасақ, ресми мүфтиятқа сұрау салып, бұл қалай дей алмасақ, кім болғанымыз? Балаларымызды қорғап шыға алмасақ, оларды қолдай алмасақ, онда біз кімбіз? Діни оқуларда мынадай масқара жайттар, ал былайғы өмірде өзіне қол салған балалар бұл жағдайға қалай тап болуда? Былтырғы ресми статистикаға көз салсақ, 26 мың балаға жыныстық зорлық жасалыпты. Бұл ресми тіркелгені. Ал тіркелмегені қанша?!” деген Мәжіліс депутаты титтей балалардың мынадай шарасыз халіне қазіргі саяси билік тікелей кінәлі деді.
Фото көрнекілік үшін.
@yurttastv Turhan Çömez Türkiye’yi sarsan haberi ifşa etti!