Құрбан шалу кезінде он мыңдаған кісі жараланды

0
974

Түркияның денсаулық сақтау министрі Кемаль Мемишоглу өзінің X әлеуметтік желісіндегі аккаунтында Құрбан айтты тойлаудың бірінші күні 14 мыңнан астам адамның жарақат алғанын жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

14 мыңнан астам адам ауруханаға түсті

«Мерекенің бірінші күні құрбандық шалу кезінде 14 372 адам жарақат алып, ауруханаларда жатқызылды», – деді министр.

Ол Анкарада 1049, Ыстанбұлда 753, Коньяда 655 адам жарақат алғанын айтты.

Мемишоглу мерекені тойлап жатқан баршаға Құрбан айтта мұндай оқиғаларды болдырмау үшін малды қасапшылар сою керектігін еске салды.

35 мыңға жуық отбасыға ет таратылды

Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні  34 771 отбасыға ет таратылды.

«6 маусым – Құрбан айттың алғашқы күні еліміз бойынша жалпы саны 20 797 мал құрбандыққа шалынған. Оның ішінде 997 өтініш онлайн форматта қабылданған. Мал түрлері бойынша: қой – 18876, ешкі – 970, ірі қара – 944, түйе – 16», – деп жазылған Мүфтият хабарламасында.