Құтыратын — еркек, ал оранатын — әйел

0
365

Әрине, хиджабты басқа еркектер қарамасын деп кигізеді. Көзі түспесін деп. Бұл жерде олардың әйелді адамға тең санамайтыны көрініп тұр: көзі түсіп құтырынатын — еркек. Ал үст-басын орап зардап шегетін — әйел. Олар үшін әйел- зат. Біз үшін ше?

Қазір ғана қолыңа су құйып сызылған жарың жау шапса атой сап,  қолына найза алып атқа мініп жауға сенімен бірге шапқан жоқ па? Үйді, бала-шағаны сенімен бірге қарулас боп қорғаған жоқ па?

Сондай қарулас досыңды жаудың беті қайта сала аяқ асты ете аласың ба? Жоқ. Біз үшін сондықтан әйелге деген араби көзқарас жарамайды. Бірақ бұл сөз менің исламға қарсы екенімді білдіреді деу- тағы қате. Мұсылманмын. Алланың солдатымын. Құранға бас иемін.

Әрине. Олар әйелдерінің адалдығын бұтына құлыбы бар ішкиім кигізіп, басына паранжы кигізіп қамтамасыз етсе, Қазақтар әйелдерінің адалдығын миы мен жүрегіне ұят сезімін орнату арқылы қамтамасыз еткен.

Сондықтан түні бойы паранжысыз -ақ жігіттермен бірге ақсүйек, алтыбақан ойнайтын қыздарымыз ешқашан некесіз жүкті болмаған. Жезөкшелік құбылыс ретінде орын алмаған. Сондықтан бұл мәселеде біз араптан емес, арап бізден үйрену керек.

Мұхтар МҰХАМБЕТЖАН, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.