Қылмыскерлер мектеп ішінде өріп жүр?

0
742

Қазақстанда бұрын ауыр қылмыс жасаған адамдарды мектептерге жұмысқа орналастыру деректері әлі де анықталып жатыр. Бұл туралы Бас прокурордың аға көмекшісі Арғын Айтқожин айтты, — деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Айтқожин бүгін Сенатта өткен дөңгелек үстел барысында жаңадан анықталған деректер туралы айтты.

«Әлі де жүргізіліп жатқан тексерулер бұрын ауыр қылмыс жасаған, сондай-ақ жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа орналастыру деректерін анықтады. Алматыда 2006 жылы адам өлтірген әйел мектепте тазалықшы болып жұмыс істеген.

Зорлық жасады деген ер адам лаборант болып жұмыс істеген. Астанада халықаралық колледжде бұған дейін зорлау дерегі үшін сотталған адам дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа алынған. Тағы бір жағдайда тазалықшы мен мұғалім қасақана дене жарақатын келтіргені үшін жауапқа тартылған», — деді бас прокурордың көмекшісі.

Спикердің айтуынша, мұндай жағдайлар аз емес және еліміздің барлық өңірінде кездеседі.

Фото ашық дереккөзден алынды.