Қырғыз діндарлары Президент Тоқаевқа үндеу жолдап, өтініш жасады (ВИДЕО)

0
4470

Қырғызстандық мұсылмандар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, өтініштерін білдірді деп хабарлайды Democrat.kz.

ТикТок әлеуметтік желісінде тараған қысқа видеода өздерін қырғыстандық діндарлар деп таныстырған 7 азаматтың тақта отырған “көшбасшысы”:

“Қазақ елінің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырза! Пайғамбарымыз Мұхамед с.ғ.с “қиямет күні жақындағанда, бес ұлы адам шығады” деген. Пайғамбар айтқан бес адамның төртеуі шығып қойды.

Олар – пайғамбардың ізбасарлары 4 халиф еді. (осы арада түсініксіз түрлі арабша есімдерді тізеді- ред.)Ал бесінші адам имам Махди. Бұл бес кісіні Алланың өзі таңдап алды.

Бұлар пайғамбардың ісін жалғастырушылар. Тоқаев мырза, өзіңіз және халқыңыз 4 халифті мойындасын” деген қырғыз діндарларының бұл үндеуін жұрт түсінбей әлек.

“Өзіміздің арапқұлдар жетпей тұр еді, енді мыналар шықты ма?”, “ойлары – халифт құру ма?”, “көйлек киген еркектер”, “құдай мыналардан сақтасын” деген сыңайда пікірлер жазылуда.

Фото видеодан скринделді.

@kipshak59

#ислам #қазақстан #казахстан #кыргызстан

♬ оригинальный звук – Атым Қазақ